«Болашақ басшы» кадрлық резерв мектебі
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы күзгі мектеп аясында 2021 жылдың 1-5 қараша аралығында білім беру ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби өсуіне ынталандыру деңгейін арттыру, лауазымға кіріскен кезде білім беру ұйымының жаңадан тағайындалған басшысының бейімделу кезеңін қысқарту мақсатында директорлардың кадр резервіне алынған педагогтер үшін «Болашақ басшы» кадрлық резерв мектебін өткізуде. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.