Размер шрифта:
Оқушыларды пәндік олимпиадаларға дайындау
03-11-2021 23:14
Оқушыларды пәндік олимпиадаларға дайындау

      2021 жылдың 03 қарашасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Оқушыларды пәндік олимпиадаларға дайындау әдістемесі» тақырыбында шеберлік сыныптар өткізілді.

Бұл шара қазіргі таңда өзекті, себебі заманауи мұғалім оқушыға білім беру мен қатар оның қабілеттерін арттырып, функционалды сауатты тұлға ретінде дамыту керек. Ал оқушыны дамытудың бір тәсілі - пәндік олимпиадаға нәтижелі дайындау. Барлығы 300-ге тарта педагог қатысты.

Бүгінгі шеберлік сыныптарда облыстың 16 педагогі өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:

Айбекова Зада Тушеевна, Сәтбаев қаласы «С.Сейфуллин атындағы гимназия» КММ орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі;

Намазбаева Жанар Жаксылыковна, Қарағанды қаласы «С.Сейфуллин атындағы гимназия» КММ қазақ тілі мұғалімі;

Тусупханов Ерсайын Аманович, Шет ауданы  «Ж. Ақылбаев атындағы мектеп-гимназия» КММ химия пәнінің мұғалімі;

Қауланов Мағжан Айтбаевич, Н.Нурмаков атындағы ММИ информатика пәнінің мұғалімі;

Рахимова Жулдыз Тулендыевна, Балқаш қаласы «Абай атындағы №2 мектеп-лицей» КММ физика пәнінің мұғалімі;

Бақын Мейірбек, Н.Нурмаков атындағы ММИ математика пәнінің мұғалімі;

Садвакасов Шакарим, Жамбыл атындағы ММИ тарих пәнінің мұғалімі;

Мухамадиев Мейрам Жолдыбаевич, «№ 2 Білім-инновация лицейі» КММгеография пәнінің мұғалімі;

Абдраева Аяулы Табылгановна, Қарағанды қаласы «№97 гимназия» КММ қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі;

Почтарь О.Ю., Балқаш қаласы «№17 мектеп – лицей» КММ биология пәнінің мұғалімі;

Антипкина Елена Михайловна, Абай ауданы «№14 мектеп-лицей» КММ математика пәнінің мұғалімі;

Сейтжанов Жанболат Рахымжанұлы, Н.Нурмаков атындағы ММИ физика пәнінің мұғалімі;

Дудкина Татьяна Александровна. Абай ауданы «№12 тірек мектебі (РО)» КММ орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі;

Вишневская Марина Францневна, Абай ауданы «№1 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ химия пәнінің мұғалімі;

Ганеева Луиза Мунниловна, Қарағанды қаласы «Қ.Сәтбаев атындағы гимназия» КММ географияпәнінің мұғалімі;

Юрина Екатерина Владимировна, Қарағанды қаласы «Қ.Сәтбаев атындағы гимназия» КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.