Размер шрифта:
2015 жылдың 24 қарашасында Қарғанды транспортты – технологиялық колледжінде «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.
26-11-2015 07:00
2015 жылдың 24 қарашасында Қарғанды транспортты – технологиялық колледжінде «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

       2015 жылдың 24 қарашасында Қарғанды транспортты – технологиялық колледжінде «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша инженерлі -педагогикалық қызметкерлерінің «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде өндірістік тәжірибені ұйымдастыру» тақырыбында облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

       Отырысқа автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығы бойынша арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері және ҚО ББД ОӘО ТжКБ бөлімінің әдіскерлері қатысты.

         Отырысты алғыc сөзбен  ҚО ББД ОӘО ТжКБ бөлімінің әдіскері

          Т. Нартова және ОӘБарнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің  автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығы бойынша жетекшісі  Б. Асанов ашты.

         Отырыс барысында қатысушылар кәсіби тәжірибені ұйымдастыру және өткізу бойынша жобаны талдады.

         Облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы барысында, тәжірибе, пікір алмасу мақсатында қатысушылармен ойын ойналды.

         «Дуалды оқыту жүйесін енгізу аясында өнеркәсіптердегі өндірістік тәжірибені ұйымдастыру» тақырыбында директордың орынбасары С. М. Кенжебаев баяндама жасады.

         Отырыс соңында «Мамандық үздігі» конкурсының тапсырмалары мен талаптары анықталып, алдағы болатын іс шаралар мәселесі талданды.