«Білімал. Педагогтерді электронды аттестаттау» автоматтандырылған басқару жүйесі бойынша Оnline-оқыту семинары
09-11-2021 15:37
«Білімал. Педагогтерді электронды аттестаттау» автоматтандырылған басқару жүйесі бойынша Оnline-оқыту семинары

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылдың 9 қарашасында «Білімал. Педагогтерді электронды аттестаттау» АБЖ бойынша директорлардың ОТЖ жөніндегі орынбасарлары және аттестаттауға жауапты мамандарға, ақпараттандыру бойынша жауапты мамандарға  арналған онлайн форматта қазақ және орыс тілдерінде оқыту семинарын өткізді.

Оқытуды «Өрлеу» АТО компаниясының менеджерлері С.А. Амалбекова және А.М. Мешелова өткізді.Тыңдаушылардың сұрақтарына облыстық сараптама кеңесінің хатшысы Г. С. Сәрсекеева жауап берді.

Сондай-ақ барлық педагогтер үшін онлайн-семинары Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының youtube-арнасында сақталды.

Онлайн-оқыту семинарға 753 адам қатысты.