2021 жылдың 10 қарашасында «Студент жастар арасында девиантты мінез-құлықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті арттыру» тақырыбында педагогтердің облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Іс-шара педагогтардың қауіп-қатер тобымен және девианттармен жұмыс істеуде девиантты мінез-құлықтың алдын алу бойынша педагогтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында өткізілді.
Конференция 2021-2022 оқу жылына арналған облыстық тәрбие жұмысының кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында өтті.
Іс-шараның қонағы Теміртау қ. ПБ ЖПҚБ полиция аға лейтенанты, ювеналды полиция аға инспекторы Штеер Н.В.болды.
Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
- Студент жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыру бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастыру;
- Жеке тұлға мінез-құлқының теориялық мәселелері (норма, әлеуметтік норма ұғымы, девианттылық критерийлері, қалыптасудың алғышарттары мен факторлары, мінез-құлықтағы ауытқуларды зерттеудің ғылыми тәсілдері, студент жастар арасындағы ауытқулардың көріну формалары және колледждегі әлеуметтік ауытқулардың алдын алу ерекшеліктері);
- Студент жастар арасында ауытқушылықтың алдын алу бойынша ата-аналармен, педагогтармен жұмыс істеу формалары мен әдістері.
Шараға Қарағанды облысының 42 инженерлік-педагогикалық қызметкерлері қатысты.
Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша конференцияны студенттер мен ата-аналар қауымын тарта отырып, жыл сайын өткізу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ,материалдардың электронды жинағы шығарылады.
Сөз алған ұстаздар қатысушылардың сертификаттарымен марапатталды.