Размер шрифта:
Оқу процесін ұйымдастыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы
10-11-2021 14:08
Оқу процесін ұйымдастыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы

      2021 жылдың 10 қарашасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөліміоқу ісі жөніндегі орынбасарлардың облыстық әдістемелік бірлестігі (әрі қарай ОӘБ) жұмысының шеңберінде оқу процесін ұйымдастыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізді.

Отырысқа облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдары директорларының 15 орынбасары қатысты.

Отырыс барысында ОӘБ төраймы Е.А.Свердлованың басшылығымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесін қолдану мәселесі қаралып, әрбір қатысушы өз тәжірибесімен бөлісіп, проблемалық мәселелерді ортаға салды.

Сондай-ақ, түрлі мәселелерде 2022 жылға арналған ОӘБ жұмыс жоспарының жобасы және жұмыс тобының әдістемелік өнімді әзірлеуі қаралды.

Отырыс соңында келесі шешімдер қабылданды:

  1. Оқу жылы ішінде жұмыс тобы колледжде оқу процесін ұйымдастырудың әдістері мен нысандары, оның ішінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесін қолдану көрсетілетін әдістемелік өнімді әзірлеу;
  2. ОӘБ-нің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітуге ұсыну.