Размер шрифта:
«Білімал. Педагогтерді электронды аттестаттау» автоматтандырылған басқару жүйесі бойынша Оnline-оқыту семинары
11-11-2021 14:12
«Білімал. Педагогтерді электронды аттестаттау» автоматтандырылған басқару жүйесі бойынша Оnline-оқыту семинары

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылдың 11 қарашасында электронды педагогикалық аттестаттау комиссияларының хатшылары мен аттестаттауға жетекшілік ететін жүйелік әкімшілерге арналған«Білімал. Педагогтерді электронды аттестаттау» бойынша «Сараптама кеңесі» 3-кезеңін онлайн форматта қазақ және орыс тілдерінде оқытуды өткізді. 

Оқытуды «Өрлеу» АТО компаниясының менеджерлері С.А. Амалбекова және А.М. Мешелова өткізді.Тыңдаушылардың сұрақтарына облыстық сараптама кеңесінің хатшысы Г. С. Сәрсекеева жауап берді.

Онлайн-семинар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының youtube-арнасында сақталды.

Онлайн-оқыту семинарға 457 адам қатысты.