«Функционалдық сауаттылықты дамытудың тиімді әдіс – тәсілдері» тақырыбы бойынша Шет ауданында өткізілген облыстық семинар
2015 жылдың 26 қарашасында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Тәжірибемізбен алмасамыз» жобасы аясында Шет ауданында Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясында жаратылыстану пәндерінің (химия, биология, физика, география, математика) мұғалімдері үшін «Функционалдық сауаттылықты дамытудың тиімді әдіс - тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинарды ББД оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері, Шет ауданы білім бөлімінің әдіскеріТ.Амантайқызыжәне Ж. Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының директоры Қ. Е. Биғожин ашып берді. Семинарға тәжірибе алмасу мақсатымен Қарағанды, Балхаш қалаларынан, Жаңаарқа, Ақтоғай аудандарынан 36 мұғалім қатысты.Семинардың бірінші бөлімінде Батталов атындағы ЖОББМ география пәнінің мұғалімі А.Б. Абеужанова «Сағаттық белдеулер», Шет ЖОББМ физика пәнінің мұғалімі Б.С. Оразбек «Реактивтік қозғалыс», Ж.Ақылбаев атындағы МГ биология пәнінің мұғалімі Ж.З. Қыздарбекова «Адам қаңқасы және оның бөлімдері», Ж.Ақылбаев атындағы МГ химия пәнінің мұғалімі Е.А. Түсіпханов «Азот қышқылы. Нитраттар», Ж.Ақылбаев атындағы МГ математика пәнінің мұғалімі Л.Е. Биғожина «Бір тригонометриялық функцияға байланысты алгебралық тендеуге келтірілетін тригонометриялық теңдеулерді шешу тәсілдері, Ж.Ақылбаев атындағы МГ физика пәнінің мұғалімі Ғ.А.Адайбекова «Оптика әлемінде» тақырыптары бойынша ашық сабақтар өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Ашық сабақтар оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен жалғасын тауып, Ж.Ақылбаев атындағы МГ информатика пәнінің мұғалімі А.Е. Ержанов «Робототехника», Ж.Ақылбаев атындағы МГ физика пәнінің мұғалімі К.К. Ибраева «Ғылыми жобалар» атты таңдау курстарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары туралы шеберлік сыныптар өткізді. Үзіліс кезінде келген қонақтарымызға академик Ж.С. Ақылбаев атындағы мұражайға саяхат жасалынып, мектеп-гимназия директорының орынбасары Г.Е. Мыкышева мұражаймен таныстырды. Семинарымыздың екінші бөлімінде М.Маметова атындағы ЖОББМ физика пәнінің мұғалімі Г.Б. Тлеубекова «Физика пәнінде инновациялық технологияларды қолдану арқылы функционалдық сауаттылықты арттыру», Ә. Ермекова атындағы ЖОББМ физика пәнінің мұғалімі Г.Мусаева «Химиялық элементтердің энергетикалық деңгейде орналасуы», Ә.Ермеков атындағы ЖОББМ математика пәнінің мұғалімі С.Амирова «Логикалық тапсырмаларды орындауда мән-мәтінге көңіл бөлудің маңызы», Ш.Батталов атындағы ЖОББМ география пәнінің мұғалімі А.Абеужанова «Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жаратылыстану пәндерінің пәнаралық байланыстары арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыптарында коучингтер өткізді. Семинардың соңында поэзиялық ән-кеші ұйымдастырылып, рефлексия жасалынды.
Оқушылардың білім сапасын арттырып, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйретуде бұндай семинарлардың берері көп. Ауылдық жерлерде осындай семинарлардың өткізілуі болашақта да жалғасын тапса екен деген ұсыныстар жасалынды.