Размер шрифта:
«Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы ұйымдастырушылық-педагогикалық аспектілері»
18-11-2021 15:29
«Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы ұйымдастырушылық-педагогикалық аспектілері»

      Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылдың 18 қарашасында Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасауда, тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсету мақсатында аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, мектепке дейінгі ұйым әдіскерлеріне арналған «Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы ұйымдастырушылық-педагогикалық аспектілері» тақырыбында семинар-практикум өткізді.

Семинардың негізгі сұрақтары келесідей: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы инклюзивті білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілер, мүмкіндігі шектеулі балалармен тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру, бұл - маман қызметінің циклограммасы, перспективалық жоспарлау, жеке жұмыс, тексеру карталары, мүмкіндігі шектеулі балалардың даму деңгейін бақылау бойынша білім сапасының мониторингісі.

Сондай-ақ, семинарда облыс педагогтары арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының сайтының контентімен және  сайттың айдарларымен танысты, олар: НҚА, әдістемелік жинақ банкі, электрондық кітапхана, үлгілік оқу бағдарламалары және т. б.

Семинардың спикерлері ҚО ББД ОӘО әдіскері Бугубаева А.Д., Қарағанды қ. «Айсұлу" бөбекжайы» КМҚК директоры Семиренко Н.В., Абай ауданы "Бөбек" арнайы балабақшасы КММ директорының орынбасары  Петрова С. И., болды.

    Семинарда жұмыстың келесі түрлері қолданылды: «Тұсаукесер –талқылау», «Пікірталас алаңы», «Оқыту флеш – тренинг», «Сұрақ-жауап».

    Рефлексия барысында оң пікірлер алынып, семинардың практикалық бағыттылығы атап өтілді. Педагогтер семинар материалдарын алды.

Қатысқандар: ZOOM - 500 адам.