2021 жылғы 19 қарашада техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының директорлары лауазымына кадрлық резервті даярлаудың оқыту курсы аяқталды.
2020-2021 оқу жылынан бастап Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында "Болашақ басшы"мектебінің қызметі шеңберінде білім беру ұйымдарының директорлары лауазымына кадрлық резервті дайындау жүргізілуде.
Биылғы оқу жылында кадрлық резервті даярлау курсы 8-19 қараша аралығында 80 сағат көлемінде өткізілді. Оқыту қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, ZOOM платформасында онлайн жүргізілді.
Бағдарлама Қазақстан Республикасында білім беру кеңістігін дамытуды қамтамасыз ететін менеджмент жүйесі туралы кешенді түсінік беретін, қазіргі заманғы ұйымды басқару және құқықтық сауаттылық негіздері бойынша басшы құрамның біліктілігін арттыратын практикаға бағытталған сабақтардың тізбесін ұсынды.
Оқу соңында тыңдаушылардың білімдерін бақылау мақсатында қорытынды тестілеу өткізілді. Тестілеу нәтижесінде барлық 15 тыңдаушылар жоғары балл алып, курстан сәтті өткенін көрсетті.
"Болашақ басшы" мектебінің жұмысы аясында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының директорлары лауазымына кадрлық резервті оқыту курсының барлық болашақ басқарушылары - тыңдаушылары сертификатталды.