Размер шрифта:
ТАРИХ СЕРПІНІ
23-11-2021 16:24
ТАРИХ СЕРПІНІ

      2021 жылы 23 қарашасында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Тарих серпіні» облыстық жобасы аясында «Тарих сабағында оқушылардың функционалды сауаттылығын арттырудың өзектілігі» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде нетворкинг өткізді. Нетворкингде Қарағанды қаласының тарих пәні мұғалімдері өз тәжірибелерін ұсынды.

Қарағанды қаласы «№5 ҚББМО» КММ, тарих пәніннің мұғалімі – Ф.Т. Масанова, «Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын - белсенді оқытудың әдіс -тәсілдері арқылы дамыту» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Қарағанды қаласы «№9 гимназия» КММ, тарих пәніннің мұғалімі – Т.А.Ратникова, «Тарих пәнінен оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуда мәтінмен жұмыстың түрлері» тақырыбында карталардың тиімділігін көрсете білді.

Қарағанды қаласы «№82 ЖББМ» КММ, тарих пәніннің мұғалімі – Р.К.Тулеуова, «Тарих сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылықты қалыптастыру арқылы  білімді жетілдіру» деген жинағын ұсынды.

Қарағанды қаласы «Ю.Н. Павлов атындағы ЖББМ» КММ, тарих пәніннің мұғалімі – А.Ш. Шуданбеков, «Оқушылардің өз бетінше әрекеті функционалдық сауаттылықты дамыту құралы ретінде» іс жүзінде көрсетті.

Барлығы семинарға қатысушылар саны 100 адамды құрады.