Размер шрифта:
«Колледждің үздік кітапханасы – 2021» байқауы
23-11-2021 08:13
«Колледждің үздік кітапханасы – 2021» байқауы

      2021 жылдың 23 қарашасында Жезқазған музыкалық колледжі Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының кітапханашыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында «Колледждің үздік кітапханасы – 2021» облыстық қашықтық байқауының қорытынды кезеңін өткізді.

Байқаудың мақсаты– облыс колледждері кітапханашыларының шығармашылық потенциалдарын ашу және қолдау, шығармашылық бастамаларын ынталандыру.

Байқауға қатысу үшін 16 өтінім мен байқау жұмыстары берілді.  Барлық жұмыстар қаралып, білікті қазылар алқасымен критериалды түрде бағалануының нәтижесінде байқау жеңімпаздары анықталды:

1 орын- «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК, кітапхана меңгерушісі Жылтыбаева Гулайым Рашитовна, кітапханашы Жумадилова Сандуғаш Маратовна;

2 орын- «Жезқазған гуманитарлық колледжі» КМҚК, кітапханашы Шахманова Айнакуль Тулегеновна;

2 орын - «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК,кітапхана меңгерушісі Сулейменова Аймагуль Жастлековна, кітапханашы Жаяубаева Ляззат Думановна;

3 орын- «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК,кітапханашы Горяйнова Татьяна Ивановна;

3 орын -«Қарсақпай агротехникалық колледжі» КММ,кітапханашы  Омарова Кыдыркуль Тулегеновна.