«Тіл - қазына» атты онлайн-дөңгелек үстел
25-11-2021 13:11
«Тіл - қазына» атты онлайн-дөңгелек үстел

      2021 жылдың 24 қарашасында Қарағанды агротехникалық колледжімен Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында «Тіл - қазына» атты республикалық қашықтықтан дөңгелек үстелі өткізілді.

Дөңгелек үстелге  Нұрсұлтан, Атырау, Семей қалаларының және  Қарағанды облысы колледждерінен 72оқытушы қатысты.

Дөңгелек үстел барысында оқытушылар мемлекеттік тілдің  қазіргі құқықтық аспектілеріне, әлеуметтік жағына, ұлттық сана мен ұлттық намысты тәрбиелеудегі орны, Елбасының тапсырмасымен латын әліпбиіне көшудегі тілдік нормалар мен қағидалар туралы, ана тілін оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін, Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізудің ерекшеліктеріне жан-жақты талдау жасалып, ой толғады. Сабақта және сабақтан тыс уақытта тіл үйретудің әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Өзге ұлт өкілдері Абишев Черкес,   Седышева Елизавета, Нямцу Сая қазақ тіліне деген сүйіспеншіліктерін білдіріп,  тіл үйрену туралы тәжірибелерімен бөлісті.

Қатысушылар шешім шығарды:

  1. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында танымдық-саяхат сабақтарын, сабақтан тыс іс-шаралар, үйірмелер ұйымдастыруды одан әрі жандандыру;
  2. Тіл сабақтарда мемлекеттік тілді үйретудің жаңаша тиімді әдіс-тәсілдерін кеңінен қолданып, жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жаңа форматтағы сабақтарды кеңінен насихаттау;
  3. Студенттердің көркем әдебиет оқуын қадағалау және оны талдау;
  4. Латын әліпбиіне көшудің қағидаларын білу, үйрену, студенттерге түсіндіру;
  5. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу сабақтарында студенттердің құжаттарды мемлекеттік тілде сауатты жазуға дағдыландыратын тәжірибелік әдіс-тәсілдерді қолдану;
  6. Тіл тазалығын сақтау үшін оқытушылардың сабақта және сабақтан тыс уақытта студенттердің дұрыс, таза сөйлеуіне назар аударуын қамтамасыз ету, сауатты сөйлеуде кездесетін қателіктермен дер кезінде жұмыстар жүргізу;  
  7.  Студенттердің кітапханаға, театрға баруын, мемлекеттік тілде кітап оқуын назарда ұстау,  осыған байланысты шараларды ұйымдастыру.

 

Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға сертификаттар табысталды.