Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 26 тамыздағы №542 «Қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептердің 1-11 сыныптарына арналған қазақ тілінің деңгейлік оқулықтарын сынақтан өткізу туралы» бұйрығын жүзеге асыру аясында Қарағанды облысы Білім басқармасының қолдауымен Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2015 жылдың 4 желтоқсанында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері мен аудан/қала ББ әдіскерлеріне арналған «Деңгейлік оқулықтар: жаңашылдығы, ерекшеліктері және келешегі» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Деңгейлік оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің әдістемелік мазмұнын талдау және қазақ тілі мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында бұл шараға оқулықтардың авторлары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің доценті, п.ғ.д. Рахметова Р.С. жәнеаталған оқу орныныңаға оқытушысы, п.ғ.к Рауандина А. Қ. қатысты. Семинар аясында «Шығармашылық, құзырлық, жаңашылдық – сапалы білім берудің негізі» аттыдөңгелек үстел ұйымдастырылды.Қазіргі заманғы білім беру процесінің сапасы және қазақ тілі мен әдебиетінің мәселелеріне арналған кәсіби пікірталас Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Рүстемова Ж.А., «Болашақ» академиясы» қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Бабашов А.М. қатысуымен өтті.
2015 жылдың 4 желтоқсанында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері мен аудан/қала ББ әдіскерлеріне арналған «Деңгейлік оқулықтар: жаңашылдығы, ерекшеліктері және келешегі» тақырыбында семинар ұйымдастырды.