«Дуальді оқыту» бағыты бойынша ашық диалог алаңы
2021 жылдың 30 қарашасында «Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында әлеуметтік серіктестікті нығайту факторы ретінде дуальді оқыту» тақырыбында ашық диалог алаңы өтті.
Іс-шараға облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім ұйымдарының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында келесі оқу-әдістемелік бірлестік төрағалары орынбасарлары (жауапты тұлғалар) жетекшілік ететін мамандықтары бойынша дуальді оқытуды енгізу мүмкіндігі туралы сөз сөйледі:
- Ахметов Б.А., «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары;
- Шевченко Л.Г., «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары;
- Нурсалиева Ж.А., «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары;
- Куаныш К.Д., «Қарағанды технология және сервис колледжі» КММ директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары;
- Кудашова Л.В., «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ, оқу-әдістемелік бірлестік төрағасының орынбасары;
- Ковалев А.А., «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары.
Іс-шара соңында егжей-тегжейлі жауапты талап ететін дуальді оқытуды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.