«Ауыл мен қала мектептері арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты қысқарту, облыстық мамандандырылған мектеп интернаттарының ауыл мектептеріне әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету» мақсатында семинар бағдарламасына сәйкес № 3 «Білім – инновация» лицей – интернаты ««Ауыл – Қала» жобасын жүзеге асыруда Жаңаарқа ауданының мектептерімен бірлесе атқарған жұмыстары, тәжірибесі» бойынша лицей-интернатының директоры Кулыбеков Ж.К., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Нурулдаева Л.К. атқарылған жұмыстардың барысымен таныстырып, іс-тәжірибелерімен бөлісті, Жаңаарқа ауданының әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Достаева Г.И. аудан мектептерінде жоба аясында жүргізілген жұмыстардың нәтижесімен таныстырды. Жобаны жүзеге асыру барысында анықталған мәселелерді шешу жолдары көрсетілді.Заман талабына сай ауыл мен қала ынтымақтастығына бағытталған жоспарлы жұмыстар ұсынылды.
Семинар қорытындысында қатысушылар семинардың өзектілігіне тоқталып, ұсынылған жұмыстар бойынша оң пікірлер айтылды.
Семинарға барлығы 70 педагог қатысты.