Размер шрифта:
Кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған облыстық семинарды
29-11-2021 23:06
Кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне  арналған  облыстық семинарды

      2021 жылдың 30  қарашасында  ZOOM платформасында  аудандық және қалалық білім бөлімдерінің кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты әдіскерлеріне  арналған  облыстық семинары  өтті.

Семинарда 2020-2021 оқу жылындағы  «Болашаққа Билет»  форумының жеңімпаздары сөз сөйледі:

Дюсембаева Мереке Канашевна, «№ 82 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры, Жәкішева Дамет Егінбайқызы, «№ 82 жалпы білім беретін мектеп» КММ математика пәнінің мұғалімі, тақырыбы: «Мен - педагогпын»  педагогикалық сыныбының бейіндік жобасын жүзеге  асыру»;

Смирнова Нелли Робертовна,  «№ 23 жалпы білім беретін мектеп» КММ химия пәнінің мұғалімі, тақырыбы:«Ойдан-іске. Бейіндік оқыту авторлық  бағдарламасын қалай құруға болады»;

Ходко Татьяна Викторовна,«№ 53 мектеп-лицей» КММ директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары, тақырыбы: «№ 53 мектеп-лицей» КММ кәсіптік бағдар беру жұмысының тәжірибесінен»;

Юнацкая Елена Викторовна,Саран қ. «№ 17 мектеп-лицей» КММ директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары, тақырыбы: «Мектепте бейіндік оқытуды және кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері»;

Кабиева Мадина Болатовна,Нұра ауданының білім беру бөлімі «Абай атындағы Шұбаркөл орта мектебі»  КММ математика және физика пәнінің мұғалімі, тақырыбы: «Ұлттық стильдегі тігін шеберханасы» мысалында оқушылармен  бизнес-жобалар бойынша жұмысты жоспарлау».

Спикерлер оқушылармен жұмыс қалай жүргізілгені, жобаларды, бейнероликтерді және авторлық бағдарламаларды дайындау кезінде неге назар аудару керектігі туралы тәжірибелерімен бөлісті.

«Болашаққа Билет» форумы облыс педагогтарының оқушыларға мамандық таңдауда көмек көрсетуде кәсіптік бағдар беру қызметін ұйымдастыру бойынша үздік жұмыс тәжірибесін анықтауға, сондай-ақ кәсіпкерлік ойлауы бар оқушыларды анықтауға мүмкіндік береді. Семинарға барлығы  90 әдіскер қатысты.