Размер шрифта:
2015 жылдың 4-5 желтоқсанында балалар музыкалық және өнер мектептері мұғалімдерінің арасында І Облыстық «Шабыт шаттығы» атты орындаушылық шеберлікті байқау сайысы болып өтті.
05-12-2015 08:09
2015 жылдың 4-5 желтоқсанында балалар музыкалық және өнер мектептері мұғалімдерінің арасында І Облыстық «Шабыт шаттығы» атты орындаушылық шеберлікті байқау сайысы болып өтті.

      Қарағанды облысы Білім басқармасының бастамасымен 2015жылдың 4-5 желтоқсанында балалар музыкалық және өнер мектептері мұғалімдерінің арасында І Облыстық «Шабыт шаттығы» атты орындаушылық шеберлікті байқау сайысы болып өтті. Байқауды  Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен Қарағанды қаласының №1 Өнер мектебі ұйымдастырды.

      І Облыстық «Шабыт шаттығы» атты орындаушылық шеберлікті байқау сайысы келесі номинацияларда ұйымдастырылды: «Солистер» - музыкалық құралда орындау (барлық мамандықтар), сольді ән орындау (академиялық, халық әні, эстрадалық вокал): 1)концертмесйтердің бағалауымен, 2) концертмесйтерсіз; «Ансамбльдер» (кіші формалары-дуэттер, трио, квартеттер және концертмейстері қатысушысы болатын 8 адамға дейінгі т.б.ансамбльдер)

     Байқауға Қарағанды облысының 16 аймағынан балалар музыкалық мектептері мен өнер мектептерінің дипломды маман оқытушылары қатысты: Теміртау, Сәтпаев, Қаражал, Приозерск, Қарағанды, Балхаш, Жезқазған, Сарань қалалары, Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ ауылы, Абай ауданы, Жаңаарқа ауданының  Атасу кенті, Нұра ауданының Киевка кенті, Бұқар жырау ауданының Ботақара, Ғ.Мұстафин атындағы және Доскей ауылдары, Осакаровка ауданының Молодежный ауылы.

       Байқаудың жеңімпаздары:

      «Солистер»  номинациясы  І  категория:

Гран при -  Адамбаев Ануар Серикович,Қарағанды қ, № 3 БММ;

I орын  -  Матковский Константин Анатольевич  Қарағанды қ, № 1 ӨМ;

II орын  -  Жуманов Турсынхан Лесбаевич,Теміртау қ,  № 2БММ;

III орын - Демесинова Анар Жумагалиевна, Қарағанды қ, Қ.Аманжолов атындағы БММ,  Шекимов Уалихан Сеитович, Жаңаарка ауданы Атасу ауылының БММ.

       «Солистер» номинациясы ІІ категория:

I орын  -  Шакенов Владимир Жунусович  Қарағанды қ, № 1БММ;

II орын -  Дьякова Наталья Леонидовна  №2 клуб ЮНЕСКО ӨМ, Қарағанды қ;

III орын -  Ермухамбетов Бауыржан Ермухамбетович  Ботакара аулының БММ, Бозщина Ляйля Жумабековна  Қарағанды қ, № 1 БММ.

       «Ансамбльдер»  номинациясы:

Гран-при-  № 1ӨМ Триосы,  Қарағанды қ;

I  орын -  Фортепианалық дуэт  № 4 БММ,Қарағанды қ;

II орын  -  Фортепианалық дуэт  Г. Жұбановаатындағы БММ, Теміртау қ;

III орын -  Фольклорлық  ансамбль, Қ.Аманжолов атындағы БММ, № 4 БММ вокалдық ансамблі, Қарағанды қ.

      «Концертмейстерлік өнер»номинациясы:

Гран-при-  Багжанова Жанна Тохтарбековна Қ.Аманжолов атындағы БММҚарағанды қ;

I орын -  Трубачёва Ольга Анатольевна  № 2 БММ  Теміртау қ;

II орын -  Тулеубаева  Эльмира Амангельдиевна Г. Жұбановаатындағы БММ, Теміртау қ,

III орын -  Кузьменко Надежда ИвановнаАбай қ. БММ, Аблгазина Бакитжан Кенжибаевна Сәтпаев қ. БММ.