Размер шрифта:
«БІЛІМ ЖӘНЕ КӘСІБИ ДАҒДЫ – ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒДАРЛАРЫ»
09-12-2021 09:28
«БІЛІМ ЖӘНЕ КӘСІБИ ДАҒДЫ – ЗАМАНАУИ  БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒДАРЛАРЫ»

          2021 жылдың 9 желтоқсанында Қарағанды облысы білім басқармасының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы жоспарына сәйкес «Білім және кәсіби дағды – заманауи білім беру жүйесінің негізгі бағдарлары» атты жас педагогтар форумының пленарлық жиыны  өтті.  Форумды Қарағанды облысының білім басқармасының басшысы Г.Ш.Қожахметова жас ұстаздарға арналған құттықтау сөзімен ашты. Педагогикалық еңбек ардагерлері И.М.Беткер және Р.К.Тулешева жас ұстаздарға сәттілік тілеп сөз сөйледі. Форумның пленарлық бөлімінде жас педагогтар мен тәлімгерлер өз тәжірибелерімен бөлісті:

Ш.Е.Мақамбаев информатика пәні мұғалімі, «Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ, А.Д.Болкенбаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Шет ауданы, «Жамбыл Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ. Т.А.Хорошилова, Қарағанды қ. «Н. Әбдіров атындағы ЖББМ» КММ, Н.Абылай, математика пәнінің мұғалімі, «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ, П.Т.Жакина, ағылшын тілі мұғалімі, «Өркен» мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ.  М.С.Жарылғап, арнайы пәндер оқытушысы, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМК.

Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының директоры Б.Х.Абдикерова «Жас педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар» тұсаукесерін өткізді.

Қарағанды облысының 500 педагогы қамтылды.