Размер шрифта:
ХХІ ғасырдың дағдылары мен іскерліктері» атты жас педагогтер форумының пікірталас алаңы
09-12-2021 10:38
ХХІ ғасырдың дағдылары мен іскерліктері» атты жас педагогтер форумының пікірталас алаңы

      2021 жылдың 9 желтоқсанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен "Білім және кәсіби дағдылар – заманауи білім беру жүйесінің негізгі бағдарлары» атты жас педагогтердің облыстық форумы аясында ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде «XXI ғасырдың іскерліктері мен дағдылары» атты пікірталас алаңы өткізілді. Қарағанды облысының тәлімгерлері мен жас педагогтері:

Абылай Нұрдәулет,«Мұрагер» ММИ математика пәнінің мұғалімі және тәлімгері Жақсыбаева Құралай Бодиевна "Заманауи мұғалім және медиасауаттық"тақырыбында;

Абдуллин Нұрлан Абайұлы,Бұқар Жырау ауданы "Үштөбе ОМ" КММ қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі және тәлімгері Құсайынова Жанар Шарыпқызы «Қазақ тілі және әдебиеті пәнінде қолданылатын тиімді платформалар» тақырыбында;

Горшкова Екатерина Олеговна,Абай ауданы «Б. Момышұлы атындағы ЖББМ» КММ физика пәнінің мұғалімі және тәлімгері Каримова Зураш Имантакауновна «Физика сабақтарында интерактивті технологияларды қолдану» тақырыбында; Жумабекова Айдана Галымкызы, , Теміртау қаласы «№ 27 ЖББМ» КММ химия пәнінің мұғалімі және тәлімгері Зазуляк Татьяна Владимировна «Химия сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды қолдану"тақырыбында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Барлығы 200 адам қамтылды.