Размер шрифта:
Колледж педагогтері Қарағанды облысының жас мамандарының форумына қатысты
09-12-2021 09:49
Колледж педагогтері Қарағанды облысының жас мамандарының форумына қатысты

      2021 жылдың 9 желтоқсанында Қарағанды облысы жас мамандарының ІІІ форумының №9 және №10 секцияларында техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының.

 Форумның №9 секциясы бойынша келесі жас мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті: 

1. Дюсембаева Айнур Нурланқызы, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ оқытушысы«Сабақтарда web-ресурстарды пайдалану» тақырыбында;

2.  Шамбасова Наталья Викторовна, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК оқытушысы«Оқыту әдісі «Flipped learning (Төңкерілген сынып)» тақырыбында.

№9 секциясының модераторы Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы әдіскер А.З.Мухамедьярова болды.

Форумның №10 секциясы бойынша келесі жас мамандар өз тәжірибелерін ортаға салды: 

1. Бакижанова Жанар Мейрамбекқызы, «Қарағанды жоғары «Bolashaq» колледжі» ЖММ оқытушысы«Сабақта белсенді әдістер мен тәсілдерді қолдану» тақырыбында;

2.  Шалганбай Гауһар Жанапияқызы, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК оқытушысы«ISpring Learn қашықтықтан оқыту жүйесі» тақырыбында.

Секциялық отырысты модератор болып Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі меңгерушісі А.А. Кнашина жүргізді.

Форумның пленарлық отырысында Worldskills-2019 республикалық чемпионатының жеңімпазын дайындаған «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы Жарылғап Мәди Сабыржанұлы өз жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Форум педагогикалық қызметтің алдағы перспективаларын талқылау және жетістіктер нәтижелерін көрсетудің тамаша алаңы болды.