2021 жылдың10 желтоқсанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «GeoInfo навигатор» облыстық жобасы аясында «Интерактивті мүмкіндіктер проекциясы» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде нетворкинг өткізді. Нетвркингте Жаңаарқа ауданың география пәні мұғалімдері өз тәжірибелерін ұсынды.
«О. Жұмабеков атындағы ТМ РО» КММ, мұғалімі – Л.М. Беспаева, «География сабағындағы онлайн ресурстарды қолдану» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
«№132 ЖББМ» КММ, мұғалімі – А.А. Коянбаева, оқушылардың түйінді құзыреттіліктерін дамыту үшін ақпараттық технологияларды пайдалану тәжірибесін жинақтады.
«Б. Амалбеков атындағы ТМ РО» КММ, мұғалімі – Д.Аринова, «Географиядан сабаққа және сыныптан тыс жұмыстарға ақпараттық технологияны енгізу» деген жинағын ұсынды.
«Атасу ЖББМ» КММ, мұғалімі – К.Амзина, «География сабағындағы онлайн ресурстарды қолдану» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Барлығы семинарға қатысушылар саны 89 адамды құрады.