Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Цифрлық әлемге қадамдар» облыстық жобасы аясында 2021 жылдың 07-13 желтоқсан аралығында «Microsoft Excel» тақырыбы бойынша орыс тілінде қашықтықтан оқыту курсын ұйымдастырды.
Курстың мақсаты: MS Excel бағдарламасын қолдану және одан әрі дамыту үшін тыңдаушыларда келесі қадамдар үшін қажетті білім базасын қалыптастыру.
Аталған курс бойынша Қарағанды облысының 9 педагогі оқудан өтті. Курсты Анисимова Виктория Евгеньевна өткізді.
Педагогтер курстың заманауилығын, жаттықтырушының жоғары біліктілігін, сондай-ақ материалды жеткізудің анықтығы мен қисындылығын атап өтті.
Курс соңында бақылау жұмыстарын сәтті тапсырған барлық мұғалімдер «Microsoft Excel» оқыту курсынан өткендігі туралы сертификаттар алды.