Размер шрифта:
«Қашықтықтан BOOM» облыстық жобасы аясында «Бейнеролик құру» тақырыбында қашықтықтан оқыту курсы
15-12-2021 12:06
«Қашықтықтан BOOM» облыстық жобасы аясында  «Бейнеролик құру» тақырыбында қашықтықтан оқыту курсы

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Қашықтықтан BOOM» облыстық жобасы аясында 2021 жылдың 07-15 желтоқсан аралығында «Бейнеролик құру» тақырыбы бойынша қазақ тілінде қашықтықтан оқыту курсын ұйымдастырды.

Курстың мақсаты: бейнеролик құру өнерінің негіздерін оқыту, бейне өнімдерін жасауға қызығушылықты дамыту. Бейнеролик құрудың негізгі тәсілдерін меңгеру, бейнесабақтар мен түрлі бейне-дыбыстық арнайы әсерлерді жасау, жасалып жатқан фильмнің дыбыстық сүйемелдеуімен жұмыс істеу бойынша негізгі білім алу.

Аталған курс бойынша Қарағанды облысының 23 педагогі оқудан өтті. Курсты Ақжігіт Берік Жексенбіұлы.өткізді.

Курс соңында бақылау жұмыстарын сәтті тапсырған барлық мұғалімдер курстан өткендігі туралы сертификаттар алды.