2021 жылдың 21 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде Қарағанды жоғары политехникалық колледжі Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп «Business Тееn» әлеуметтік бизнес-идеялардың облыстық қашықтық байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты: студенттердің бизнес-жоспарларының презентацияларын ұйымдастыру, бизнес-идеялар мен бизнес-жоспарлардың тәуелсіз сараптамалық бағасын алу арқылы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында жастардың әлеуметтік кәсіпкерлігін дамыту.
Байқауға 33 конкурстық жұмыс ұсынылды. Байқау екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңнің бағалау критерийлеріне сәйкес финалға 13 үздік жұмыс іріктелді. Байқаудың финалы 2021 жылдың 21 желтоқсанында ZOOM платформасында өтті. Финалда қатысушылар өз жобаларының питч-презентациясын жасады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
1 орын - Майкутова Полина Сергеевна, «Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КММ студенті, «Эко-шоперлер мен шағын тігін өндірісінің ілеспе тауарларын өндіру»жобасымен, жетекшісі Муртазина Айсұлу Бахитжановна;
2 орын - Каракулова Екатерина Дмитриевна, Жанамхан Асқар Серикбаевич, Юрканис Никита Юрьевич, «Абай көпсалалы колледжі» КМҚК студенттері, «Энтомофагты өсіру афидиус колемани-жабық топырақтағы зиянкестермен биологиялық күресу әдісі ретінде» жобасымен, жетекшілері Можанина Наталья Евгеньевна, Сауытов Төлеген Мажитович;
3 орын - Қадырова Дидар Ерболқызы, Нұрмағанбетова Ботагөз Бахытжановна, «Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі» ЖММ студенттері, «Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік бейімдеу» жобасымен, жетекшісі Бекбулатова Тамархан Джумабаевна.
Жеңімпаздар дипломдармен, финалистер Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының сертификаттарымен марапатталды.