Білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілеріне арналған облыстық семинар-жиналыс
2015 жылдың 8 желтоқсанында Қарағанды облысы оқу-әдістемелік орталығында білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілеріне арналған семинар-жиналыс болып өтті.
Семинар аясында «Мектептің даму стратегиясының жоспарын әзірлеу» тәжірибелік сабақ өткізілді.
Екінші жарты күндікте PIRLS халықаралық зерттеу, «Таным» жобасы бойынша онлайн семинарлар, оқу-әдістемелік орталығының қала және аудандарға шығып семинарлар өткізу, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған халықаралық Қысқы мектепті ұйымдастыру және өткізу туралы сұрақтар қаралды. Сонымен қатар, оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері «Біздің мүмкіндіктер» атты ІІ кезеңнің байқауы, білім бөлімдерінің рейтингтері туралы айтып өтті.
Кабинет меңгерушілері «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жұмысын ұйымдастыру» әдістемелік ұсыныстар жиынтығымен таныстырылды. «Айбар» азаматтық-патриоттық тәрбие орталығы, педагог-психологтар және әлеуметтік қызметкерлерге арналған Қысқы мектеп жұмысы туралы айтылды.