Размер шрифта:
ТАРИХ СЕРПІНІ
19-01-2022 15:58
ТАРИХ СЕРПІНІ

      2021 жылы 19 қаңтарда Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Тарих серпіні» облыстық жобасы аясында «Тарих сабағында оқушылардың функционалды сауаттылығын арттырудың өзектілігі» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде нетворкинг өткізді. Нетворкингде Саран қаласының тарих пәні мұғалімдері өз тәжірибелерін ұсынды.

Е.А. Мясников, Саран қаласының «№17 мектеп-гимназиясы» тарих пәні мұғалімі, «Дүние жүзі тарихы 7-сынып мысалында тарих сабағында тарихи дереккөздермен жұмыс»тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.

Надежкина М.Ю. Саран қаласы, «№6 ЖББМ» КММ тарих сабақтарында интерактивті формаларды және мектеп мұражайының материалдарын білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында тарихи мұраны зерттеу тәсілдерінің бірі ретінде жинақталған жұмыс тәжірибесі  ұсынды.

Н.В. Максименко, Саран қаласының «№17 мектеп-гимназиясы» КММ «Тарих сабақтарында әртүрлі деңгейлі тапсырмаларды қолдану арқылы оқу сауаттылығын дамыту» жұмыс тәжірибесін бөлісті.

М.В. Шмелев.  Саран қаласы, «№2 ЖББМ» КММ, «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын, креативті ойлауын қалыптастыру және білім сапасын арттыру құралы ретінде тарих сабақтарында оқу – танымдық және өзіндік қызметінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану» тәжірибесін көрсетті.

Барлығы семинарға қатысушылар саны 100 адамды құрады.