«№45 гимназия –тұлғаның зияткерлік дамуының орталығы» тәжірибелік –эксперименттік жұмыс бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы бойынша облыстық семинар
2015 жылдың 10-шы желтоқсанында Қарағанды қаласы №45 гимназиясының базасында «45 гимназия-жеке тұлғаның зияткерлік дамуының орталығы» тәжірибелік-эксперименттік жұмысы бағдарламасын жүзеге асыру бойынша кең ауқымды облыстық семинар болып өтті.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс бағдарламасының ғылыми жетекшісі – С.С. Қонтаев. Ғылыми кеңесшілер: В.В. Егоров-п.ғ.д., ҚарМТУ оқу ісі бойынша проректоры. Т.П.Смолькина –п.ғ.к., «Болашақ» Академиясы» ЖМ ғылыми әдістемелік жұмысы және халықаралық ынтымақтастық орнату бойынша проректоры.
Семинар жұмысына «Болашақ» Академия» ЖМ ғылыми әдістемелік жұмысы және халықаралық ынтымақтастық орнату бойынша проректоры, п.ғ.к. Т.П.Смолькина, Қарағанды облысы оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері, Қарағанды қаласының әдістемелк кабинетінің қызметкерлері, облыстағы инновациялық мектептердің басқарушылары қатысты.
Т.П. Смолькина «Гимназияның тәжірибелік-эксперименттік жұмысына ғылыми-педагогикалық қолдау» атты баяндамасын оқыды. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың негізгі бағыттары туралы гимназия директорының инновация бойынша орынбасары И.А.Есаулова айтып өтті. Психолог Т.А. Лучкова тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мониторингісінің қорытындысын ортаға салды.
Семинардың тәжірибелік бөлімінде гимназия ұстаздары қатысушыларды өз жұмысының қорытындысымен таныстырды.
1.Тұлғаның даму портфолиосы өзін-өзі бағалау мен тұлға жетістігін дамытатын құрал (Т.И. Кириченко, эксперименттік сыныптың жетекшісі).
2.Критериалды бағалау оқушылардың креативті ойлауын дамытатын құрал ретінде (С.Н.Сальхова, биология пәнінің оқытушысы).
3.Оқушыларды қоғамдық өмірдің ауыртпалықтарына пермаментті бойлату арқылы әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу (сынып жетекшісі И.Г. Деева).