2022 жылдың 1 ақпаны Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қалалық/аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, оқыту қазақ тіліндегі және оқыту орыс тіліндегі қазақ тілі мұғалімдері үшін жеке Boot Сamp өткізілді.
Түске дейін оқыту қазақ тіліндегі мектептер үшін Ақтоғай ауданы «К.Байсейітова атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ ұжымы соңғы үш жылдағы жетістіктер, кемшіліктер туралы, алдағы жұмыстары жайлы ой бөлісіп, оқу сауаттылығы аясында өткізіліп жатқан жұмыстарын көрсетті, шеберлік сабағын берді.
Түстен кейін оқыту орыс тіліндегі қазақ тілі мұғалімдері үшін Балқаш қаласының «№10 ОМ Балқаш қаласы» КММ мұғалімдері Карипжанова Светлана Кабылбековна, Шегирова Гульсара Абдуманаповна; «№1 жалпы білім беретін мектебі» КММ мұғалімі Қожамбаева Перизат Қуатқызы; «№24 мектеп-интернаты» КММ мұғалімі Дюсебеков Серик Токенович өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.