Колледж оқытушыларын инклюзивті білім беру бойынша оқыту
2022 жылдың 7 ақпанында Қарағанды облысының педагогтеріне арналған Алматы қаласындағы Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығында біліктілікті арттыру курстары басталды. Курстың тақырыбы: «Колледждерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге арнайы жағдай жасау».
Тыңдаушылар санаты – 28 колледж оқытушылары.
Курстар 2022 жылдың 7 ақпаны мен 17 ақпаны аралығында онлайн, ZOOM платформасында өтеді.