Балалар қауіпсіздігі бойынша жаттықтырушылардың жұмысын ұйымдастыру мәселесі жөнінде әдіскерлердің кеңесі
2022 жылдың 07 ақпанында балалар қауіпсіздігі бойынша тренерлер жұмысына жетекшілік ететін қалалық/аудандық білім бөлімдері әдіскерлерінің отырысы өтті. Отырыс барысында 2021-2022 оқу жылының бірінші жартыжылдығында «Жеке қауіпсіздік» курсы бойынша оқушыларға, мұғалімдерге және ата-аналарға арналған шеберлік сабақтарын өткізуді талдау қорытындысы шығарылды. Көшеде және үйде қауіпсіздік тәртіп ережелерін үйрету мәселелері қаралды. 2021-2022 оқу жылының екінші жартыжылдығына жұмысты ұйымдастыру, жүйелеу, және проблемалық бағыттарды жою бойынша міндеттер қойылды.