Размер шрифта:
«Колледж студенттерінің оқу сауаттылығын қалыптастырудағы колледж кітапханасының рөлі» атты дөңгелек үстел
08-02-2022 17:51
«Колледж студенттерінің оқу сауаттылығын қалыптастырудағы колледж кітапханасының рөлі» атты дөңгелек үстел

      2022 жылдың 8 ақпанында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының кітапхана меңгерушілері мен кітапханашылары арасында «Колледж студенттерінің оқу сауаттылығын қалыптастырудағы колледж кітапханасының рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында студенттердің оқырмандық қызығушылықтарын және оқырмандық сауаттылығын дамытуға бағытталған кітапханалық практикалар ұсынылған баяндамалар тыңдалды, сондай-ақ проблемалық мәселелер және оларды шешудің жалпы тәсілдерін әзірлеу анықталды.

Келесі оқу орындарының кітапханашылары өз тәжірибелерімен бөлісті: Черябкина И.П., «Қарағанды агротехникалық колледжі» КММ және Буланбаева Н.Б., «Абай көпсалалы колледжі» КМҚК.

Іс-шараға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 50-ден астам кітапхана меңгерушілері мен кітапханашылары қатысты.