2015 жылдың 9 желтоқсанында Қарағанды техника-құрлыс колледжінде «Құрлыс және коммуналды шаруашылық» саласы арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Қарастырылған сұрақтардың мазмұны отырыс тақырыбына бағытталды: Студенттерді «Мамандық үздігі» конкурсына дайындау. Әлемдік жоба Word Skills аясындағыжеке құрылыс жұмыстарының шебері.
Отырыс модераторы қызметін ҚО ББД ОӘО ТжКБ дамыту бөлімінің әдіскері Т.Г. Нартова атқарды.
Қатысушыларға сәттілік тілей отырып, бірлестік отырысын алғысөзбен ҚО ББД ОӘО директорының ТжКБ дамыту жөніндегі орынбасары – Асакаева Дана Саламатовна мен ҚТҚК директоры Балабекова Светлана Керимбаевна ашты.
Отырыс аясында Қарағанды техника-құрлыс колледжінің оқытушылары қатысушыларға өз тәжірибелерін ұсынды:
· «Word Skills - Қарағанды», «Word Skills- Астана» - Облыстық және Республикалық шеберлік байқаулары (Дюсекеева Л.Б.,ҚТҚК оқу өндірістік шебері);
· Дәнекерлеу жұмысы бойынша «Word Skills- Екатеринбург» кәсіби шеберлік конкурсы (Чжен А.И, ҚТҚК оқу өндірістік шебері);
· Word Skills халықаралық кәсіби шеберлік байқауы (Жамилева
Г. М. , ҚТҚК арнайы пәндер оқытушылары);
Сонымен қатар колледж директоры С.К. Балабекова «Құрлыс және коммуналды шаруашылық» саласы бойынша мамандықты дамыту тақырыбындағы презентацияны қатысушылар назарына ұсынды.
Бірінші бөлімнен кейін «Қазіргі заманғы колледж» тақырыбында экскурсия ұйымдастырылды.
Жұмыс барысында отырыс қатысушылары халықаралық жоба Word Skills аясындағы конкурс талаптарымен танысты, сылақ және гипсокартон жұмыстары бойынша модулдер мазмұнын анықтады.