Размер шрифта:
Әдістемелік күн
08-02-2022 18:23
 Әдістемелік күн

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылдың 08 ақпанында ZOOMплатформасында инновациялық мектептердің директорлары мен директорларының орынбасарлары үшін әдістемелік күн өткізді.

Күн тәртібінде мына тақырыптар талқыланды:

  • Оқу-әдістемелік орталықтың сайты туралы.
  • «Roboland» халықаралық фестивальге қатысу туралы
  • Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі туралы.
  • Директорлар мен директорлардың орынбасарлары аттестаттаудан өту рәсіміндегі өзгерістер туралы.
  • Инновациялық мектептердің І жарты жылдық қорытындысы бойынша өсу, кему динамикасы туралы.

Қатысқандар: 100 адам.