2022 жылдың 9 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының және Шахтинск қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық/аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, білім беру ұйымдарының директорларына, директорлардың орынбасарларына, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, химия пәндерінің мұғалімдеріне ZOOM платформасы арқылы облыстық семинар өткізілді. Барлығы 100 педагог қатысты.
«Функционалдық сауаттылықты дамыту» атты облыстық семинар барысында келесі педагогтер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:
Сарсекова Мактагуль Батаевна, Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «№ 7 жалпы білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, педагог-зерттеуші;
Школина Ирина Эвальдовна, Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «№ 5 мектеп-гимназиясы» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, педагог-зерттеуші;
Дяденко Надежда Александровна, Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «№ 4 жалпы білім беретін мектебі» КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші;
Кудина Елена Алексеевна, Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «№ 5 мектеп-гимназиясы» КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші;
Бащук Елена Сергеевна, Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «№ 4 жалпы білім беретін мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы;
Мазговая Татьяна Ивановна, Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «№ 3 жалпы білім беретін мектебі» КММ химия пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші;
Сулейменова Жадыра Есенбековна, Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі» КММ химия пәнінің мұғалімі, педагог-модератор.