Размер шрифта:
«Үздік сабақ иесі» («Сырбай Мәуленов поэзиясындағы сырлы әлем») облыстық байқауы
10-02-2022 09:01
«Үздік сабақ иесі» («Сырбай Мәуленов поэзиясындағы сырлы әлем») облыстық байқауы

      2022 жылдың 10 ақпанында Жезқазған Бизнес және көлік колледжі  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп оқу сауаттылығы апталығының шеңберінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары арасындағы «Үздік сабақ иесі» («Сырбай Мәуленов поэзиясындағы сырлы әлем») облыстық байқауын өткізді.

Байқауға облыс колледждерінің 22  оқытушысының бейнесабақтары  қабылданып, әділ-қазылар алқасының жұмысынң нәтижесінде жеңімпаз педагогтер анықталды:

«Үздік сабақ иесі» номинациясы - Касаинова Айсұлу Амангелдіқызы, «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ;

1 орын– Жаппарова Күлпаш Женісқызы, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ;

2 орын- Сандыкбаева Гульсум Сериковна,  «Жезқазған жоғары политехникалық колледжі» КМҚК;

3 орын- Диханбаева Лаззат Токтасыновна, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК.

Жүлделі орын иегерлері дипломдармен марапатталып, байқауға қатысушылардың барлығына  сертификаттар табысталды.