Размер шрифта:
«Есірткінің зияны және оларды қолданудың салдары» атты интерактивті сабағы
09-02-2022 22:33
«Есірткінің зияны және оларды қолданудың салдары» атты интерактивті сабағы

      2022 жылдың 09,10 ақпанында оқу-әдістемелік орталығы мен Қарағанды облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бірлесіп, жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу бойынша «Есірткінің зияны және оларды қолданудың салдары» тақырыбында интерактивті онлайн-сабағын өткізді. 

Іс-шараны полиция подполковнигі, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Корниенко Кирилл Александрович; полиция аға лейтенанты, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің жедел уәкілі Муратхан Батыр Талғатұлы; облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог-дәрігері Волкова Инесса Ивановна; облыстық психикалық денсаулық орталығының әлеуметтік қызметкері Кожахметова Баян Амангельдыевна; Теміртау қаласы №17 және №4 жалпы орта білім беретін мектептердің педагог-психологтары Марченко Мария Евгеньевна, Сарсекенова Айнаш Сарсенгельдыевна жүргізді.

Онлайн-сабақта жалпы білім беретін мектептердің 7-10 сынып оқушылары және Қарағанды облысының 18 аймағының сынып жетекшілері қатысты.