2015 жылдың 15 желтоқсанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес физика пәнінің мұғалімдері үшін «Шексіз білім» жобасының I кезеңін жүзеге асыру барысында «Жарық кванттары» тақырыбы бойынша ҰБТ үлгілік тапсырмаларын шешудегі оқушылардың жалпы оқу дағдысын жетілдіруге бағытталған облыстық онлайн сабақ өткізілді.Онлайн сабақты Теміртау қаласының №1 гимназиясының 11 сыныбында физика пәнінің мұғалімі Е.В. Кудряшова өткізді. Онлайн режимде сабаққа Қарағанды облысы бойынша 22 білім беру мекемелерінің физика пәнінің мұғалімдері қатысты.
Сабақ кезеңі кіші топтардың жұмысы мен оқушылардың жеке өзіндік жұмысы негізінде өткізілді. Әр кезеңде нақты оқу мақсатының орындалуы қамтылды.
Мұғалім дамыту ортасын құру үшін теориядан тәжірибеге, оңайдан қиынға стандартты сабақ барысын қолданды.Тақырыптық тестілер арқылы оқушылардың оқыған теориялары тексерілді. Жіберілген қателердің талдауы жасалынып, оқушылар әрбір кезеңде өзін-өзі бағалап отырды.
Тікелей формула қолдану арқылы жеңіл «тез орындайтын» тапсырмаларды шешу кезеңінде оқушылар өз білімдерін көрсете білді. Жеңіл есептер жиынтығы арқылы күрделі есептер құрастырды. Бұндай әдіс-тәсіл оқушылардың алған білімдерін нақтылап, шығармашылық дамуына өте көп мүмкіндік береді.
Осындай сабақ жүйесін пән мұғалімдері әртүрлі тақырыптарды меңгеру үшін қолдана алады.