ТАРИХ СЕРПІНІ
23-02-2022 16:11
ТАРИХ СЕРПІНІ

      2022 жылдың 23 ақпанында Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы облыстық «Тарих серпіні» жобасы аясында ZOOM платформасында онлайн режимде «Тарих сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын тиімді дамыту» тақырыбында нетворкинг өткізді. Шахтинск қаласының тарих пәні мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.

Т.А. Чернышева, «№2 ЖББМ» КММ «Тарихи картамен жұмыс істеу кезінде оқу сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.

О.В. Хорунжая, «№4 ЖББМ» КММ «Әр түрлі мәтіндік ақпаратты қолдану арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру тәсілдері мен әдістері» деген жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Қ.Ж. Жүнісов, «№9 ЖББМ» КММ «Оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту үшін контекстік тапсырмаларды қолдану» тақырыбымен жұмыс тәжірибесін таратты.

А.Б. Балапанова, «№6 ЖББМ» КММ,  «БИС технологиясы» 1, 2 ауызша сабақ көрсетті.

Сонымен қатар, Р.К. Уалиева, «№5 МГ» КММ, Г.Б. Аспандиярова, «Ә. Бөкейханов атындағы МЛ» КММ, М.Б. Гарданова, «№1 МГ» КММ,  өз тәжірибелерімен бөлісті.

 

Барлығы нетворкингке  қатысушылар саны 100 адамды құрады.