Размер шрифта:
Директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы шеңберіндегі семинар
24-02-2022 16:10
Директорлардың оқу ісі  жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы шеңберіндегі семинар

      2022 жылдың 24  ақпанында  Zoom платформасында директорлардың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы шеңберінде «СТ РК ISO 9001:2016 талаптарына сәйкес  Сапа менеджмент жүйесі негізінде колледж қызметін ұйымдастыру»тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға облыс колледждерінің 51 өкілі қатысты.

Бағдарламаға сәйкессапа менеджмент жүйесін енгізу бойынша келесі колледждердің өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісті:

  1. «Білім беру мекемелерінің сапа менеджмент жүйесі стандарттары бойынша сертификатталуының мүмкіндіктері мен басымдықтары», Сулейменова  А.З., «Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖММ директорының  оқу ісі жөніндегі орынбасары;
  2. «Ішкі аудит Сапа менеджмент жүйесін жұмыс жағдайында ұстап тұрудың және жақсартудың пәрменді құралдарының бірі ретінде», Абынагиева Ж.Г.,«Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖММ басты ішкі аудиторы;
  3. «Білім беру ұйымын аккредиттеуден өту рәсімі», Тусупова А.Т.,«Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК СМЖ менеджері;
  4. «Білім беру ұйымының стейкхолдерлерімен кері байланыс құралдары», Хасенов М.М.,«Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК директорының  оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Шара қатысушылары семинар соңындағы «Сұрақ-жауап»   рефлексиясы кезінде өздерінің ұсыныстары мен тілектерін жеткізді.