2022 жылдың 24 ақпанында Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтері үшін «Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру» семинары өткізілді.
Семинар барысында білім алушылармен кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыру және мектеп оқушыларын тұлғалық жетілдіру құзыреттілігін қалыптастыру, олардың мамандық таңдауына негізделген өзекті мәселелері талқыланды.
Семинар спикерлері:
- Акижанов Ержан Нуржанович, Қарағанды қаласының «№73 негізгі орта мектебі» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
- Морозова Марина Вячеславовна, Шахтинск қаласының «Оқушылар сарайы» КМҚК Кәсіби құзыреттілік және мансаптық өсу орталығының меңгерушісі;
- Кун Светлана Владимировна, Теміртау қаласының «№21 жалпы білім беретін мектебі» КММ директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары.