2022 жылдың 24 ақпанында ZOOM платформасында оқытудың кредиттік-модульдік жүйесін енгізу мәселелері бойынша онлайн дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары осы бағыттағы тәжірибелерімен бөлісті:
1. Акжанова Акбота Анарбековна, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, «Академиялық дербестікті ескере отырып, білім беру бағдарламасын әзірлеу» тақырыбында;
2. Базарова Лаззат Есимовна, «Қарағанды агротехникалық колледжі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, «Колледждерде кредиттік-модульдік жүйені енгізудің ерекшеліктері мен мәселелері» тақырыбында;
3. Гордиенко Ирина Алексеевна, «Қарағанды технология және сервис колледжі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, «Кредиттік-модульдік жүйе оқыту сапасын арттыру факторы ретінде» тақырыбында.
Іс-шараға Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары директорларының оқу ісі жөніндегі 49 орынбасары қатысты. Проблемалық мәселелер талқыланды. Ұсынымдар берілді.