2022 жылдың 24 ақпанында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы инклюзивті білім беруді жүзеге асыруға жауапты тұлғалар үшін «Инклюзивті білім беру бойынша құжаттарды ресімдеуге қойылатын бірыңғай талаптар» атты облыстық семинар өтті.
Қатысушылар инклюзивті тәжірибедегі нормативтік құжаттармен (Алишева Р.Қ., «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ), жоспарлау құжаттамасымен (Салина Т.В., «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ) және колледжде ерекше білім алуды қажет ететін студенттерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетумен(Шаповалова Т.Ю., «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ) танысты.
Семинар қорытындысы бойынша инклюзивті білім берудің заңнамалық базасының тізбесін жаңартып, колледждерге тарату туралы шешім қабылданды.
Шараға облыстағы колледждердің 50 педагогіқатысты.