2022 жылдың 24 ақпанында "XXI ғасыр білім алушыларында дағдыларды дамыту құралы ретінде "Жаһандық құзыреттіліктер" курсын жүзеге асыру" тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен және Саран қаласының білім бөлімімен бірлесе отырып ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты Саран қаласының білім беру ұйымдарында "Жаһандық құзыреттіліктер" курсының жүргізілуі бойынша алғашқы нәтижелерді көрсету, талқылау және тарату болды. Семинар барысында "№ 1 мектеп - лицей" КММ, "№ 2 ЖББМ" КММ, "Абай атындағы ЖББМ" КММ, "№ 17 мектеп - гимназия" КММ педагогтері "Жаһандық құзыреттіліктер" курсын жүргізу барысындағы жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Семинар-практикумға Қарағанды облысы мектептерінің 100 пән мұғалімдері, Қарағанды облысы білім бөлімдерінің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Рефлексия қорытындысы бойынша семинар педагогтер тарапынан жоғары бағаға ие болды.
«ЖАҺАНДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР» курсы аясында шығармашылық зертханалар