Размер шрифта:
Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне арналған семинар
28-02-2022 09:09
Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне арналған семинар

      2022 жылдың 28 ақпанында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК ТжКББ бөлімі Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне арналған «Инженер-педагог қызметкерлердің өзін-өзі дамытудың сапалы жоспары - педагог қызметкердің кәсіби құзыреттілігін арттырудың негізі» тақырыбындағы семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты: өздігінен білім алу арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Бағдарламаға сәйкес Қарағанды техника-құрылыс колледжінің жетекші инженерлік-педагогикалық қызметкерлері келесі тақырыптар бойынша жұмыс тәжірибелерін ұсынды:

  • «Педагогтың кәсіби қалыптасуына ықпал ететін нормативтік-құқықтық актілер», Даткина Кундыз Куанышкызы, әдіскер;
  • «НҚА талаптарына сәйкес колледжде педагогтің жеке әдістемелік дамуын жоспарлау», Жуманбаева Куралай Асылбековна, директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары;
  • «МЖМБС жаңа талаптары жағдайында арнайы пәндер оқытушысының кәсіби қалыптасуының жеке бағыты», Бохай Бигүл, арнайы пәндер оқытушысы;
  • «Өзін-өзі тәрбиелеу - педагогтардың кәсіби қызметін саналы түрде өзін-өзі жетілдіру процесі ретінде», Таймурзанова Тишкен Естайовна, физика және электротехника  оқытушысы;
  • «Өндірістік оқыту шеберінің құзыреттілігін жан-жақты арттыруға бағытталған іс-шаралар кешені», Худякова Юлия Сергеевна, өндірістік оқыту шебері.

ZOOM платформасында өткізілген семинарға облыс колледждерінің 45 әдіскері қатысты.

Семинар соңында проблемалық сұрақтар талқыланып, ұсыныстар берілді.