Размер шрифта:
«Математикалық регата» олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды
02-03-2022 12:58
«Математикалық регата» олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды

      2 наурыз күні математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды. Олимпиада математика пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру және жетілдіру мақсатында өткізіледі.

Олимпиада төрт тур бойынша өткізілді. Әрбір тур үш тапсырмадан тұрады. Бірінші тапсырма – математикалық анализ негіздерінен немесе алгебрадан, екінші тапсырма – геометрия, үшінші тапсырма – логикалық, комбинаторлық немесе «сандық» тапсырмалардан тұрды.

Сонымен қатар, сайыс үш кезеңде өткізіледі: біріншісі қалалар мен аудандар деңгейінде өткізіледі; екіншісі – облыстық кезең, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылды. III ақтық кезең Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен наурыз айының соңында өткізілетін болады.

Қарағанды облысында жарысқа 21 команда қатысты.

Олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

1 орын:Қарағанды қаласының «Матрица» командасы (Хорошилова Татьяна Александровна, Нүркен Әбдіров атындағы ЖББМ; Ильясов Ақниет Дарханұлы, Ғабиден Мұстафин атындағы ЖББМ; Мырзабек Дәурен Уәлиханұлы, №104 мектеп-гимназия; Жукова Людмила Николаевна, Шәкәрім атындағы гимназия).

2 орын:Саран қаласының «Константа» командасы (Медведева Наталья Викторовна, «№1 мектеп-лицей»; Борзых Игорь Васильевич, «№17 мектеп-гимназия»; Коряка Наталья Васильевна, «№1 мектеп-лицей»; Ненченко Людмила Анатольевна, «№ 6 ЖББМ».

3 орын:Мамандандырылған мектеп-интернаттарының «π саны» командасы (Шайзада Таня, Озат ММИ; Мухамеджанова Мейрамгүл Айтбаевна, Жамбыл атындағы ЖОББМ; Қажкенова Назерке Жакеновна, «IT» ММИ; Асқаров Алтынбек Нуркенович, «Дарын» ЖОББМ.

Оқу-әдістемелік орталықтың алғыс хатымен Қарағанды қаласының «Интеграл» командасы, Осакаров ауданының «Матфликс» командасы және Жезқазған қаласының «Вектор» командасы марапатталды.