Размер шрифта:
«Білім беру робототехникасы» жобасы аясындағы шеберлік-сыныптар
02-03-2022 18:14
«Білім беру робототехникасы» жобасы аясындағы шеберлік-сыныптар

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Білім беру робототехникасы» жобасы аясында педагогтердің шығармашылық белсенділігін дамыту, техникалық пәндерді танымал ету мақсатында 2022 жылдың наурыз айының 2-сі күні онлайн режимде ZOOM платформасында «Лабиринт» және «Кегель-ринг» бағыттары бойынша шеберлік-сыныптар өткізді.

Шеберлік-сыныптарды Қарағанды қаласының «Қ.Сәтбаев атындағы гимназия» КММ информатика пәні мұғалімі Елена Леонидовна Вафина және Қарағанды қаласының «№36 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ информатика пәнінің мұғалімі Еркебұлан Аманжолұлы Ибраев өткізді.

Шеберлік-сыныпқа 170-тен астам мұғалім қатысты.