Размер шрифта:
Семинар: «Бастауыш сынып оқушыларында функционалдық -математикалық сауаттылықты дамыту» («Біздің айналамыздағы математика» жобасының шеңберінде).
23-12-2015 06:06

         2015 жылдың 23 желтоқсанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Біздің айналамыздағы математика» жобасына қатысушы аудан, қала мектептерінің оқытуы орыс тіліндегі бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып оқушыларында функционалдық математикалық сауаттылықты дамыту» тақырыбында семинарлар өтті.

         Семинар мақсаты – бастауыш сынып оқушыларында функционалдық- математикалық сауаттылықты дамыту мен қалыптастырудың әдіс-тәсілдерімен таныстыру.

         Семинар барысында ББД ОӘО әдіскері Г. Мукащева  мұғалімдерді «Функционалдық сауаттылық» ұғымымен таныстырды, топтармен жұмыстар атқарылды, бастауыш сынып оқушыларында математикалық біліктілікті дамыту үшін тапсырмалар құрастыру бойынша практикалық тапсырмалар берілді.

         Семинарға  Бұқар жырау, Ақтоғай, Осакаровка, Шет, Қарқаралы, Нұра аудандарының және Саран, Шахтинск, Жезқазған, Теміртау, Қарағанды қалаларының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.