Педагог-психологтерге арналған «Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу» облыстық семинары
2022 жылдың 04 наурызында Қарағанды облысындабілім беру ұйымдарының педагог-психологтеріне арналған «Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу» семинары өткізілді.
Аутодеструктивті мінез-құлықтың және суицидтік бейімділіктің алдын алуды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибелерімен Теміртау қаласының психологтері: Доронкина Елена Владимировна, «№1 гимназиясы» КММ, Абдрасилова Салтанат Нуридиновна, «№9 лицейі» КММбөлісті.