2022 жылдың 4 наурызында 2-4 наурыз аралығында үш күн ге созылған А.Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің 100 жылдығына арналған білім беру саласындағы әлеуметтік-педагогикалық инновациялардың Халықаралық Жәрмеңкесінің салтанатты жабылуы өтті.
Біздің облысымыздың ғана емес, сондай-ақ республикамыздың Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Павлодар облыстарының және жақын шетел - Ресей мен Беларусь Республикасының педагогтары қатысқан Халықаралық Жәрмеңкеде қашықтықтан және инновациялық білім беру жағдайында білім беру жүйесін жетілдіру мәселелері қозғалды.
Қазылар алқасының қарауына білім берудің әртүрлі деңгейіндегі (мектепке дейінгі, мектептегі және кәсіптік, жоғары) ұйымдар педагогтарының 268 жұмысы ұсынылды.
Қазылар алқасының мүшелері Youtube каналында және Padlet виртуалды тақтасында ұсынылған барлық бейнематериалдарды, материалдарды қарастырғаннан кейін келесі жеңімпаздар мен номинанттар анықталды:
І. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында:
1 орын- Цхай О.В., «Балғын» бөбек-жайы» КМҚК, Саран қаласы, «Мектеп жасына дейінгі балалардың және мектепалды даярлық тобының өз қолдарымен жасаған танымдық дамуына арналған авторлық дидактикалық ойында»;
2 орын - Кодола Л.В., «Березка» бөбек–жайы» КМҚК, Шахан кенті, «Тони Бьюзан карталарының көмегімен мектеп жасына дейінгі балалардың интеллекті дамытамыз»;
2 орын – Дамро Е.А., «Сәуле»бөбек-жайы» КМҚК, Саран қаласы «Сторителлинг - балалармен жұмыс жасаудың интерактивті әдісі»;
3 орын – Пилецкая С.А., «Балғын» бөбек-жайы» КМҚК, «Балаларға инклюзивті білім беру мәселелері бойынша мектепке дейінгі ұйым педагогтерін әдістемелік қолдау»;
3 орын – Сулимова Ю.А., «Бақыт» мектеп-балабақша кешені» ЖМ, Саран қаласы, «Театр өнердің ең қолжетімді түрлерінің бірі ретінде».
Номинациялар бойынша дипломдар:
- «Мектепке дейінгі жастағы балалармен кәсіптік бағдар беру жұмысындағы шығармашыл көзқарасы үшін» –Топарова Д. Б., Саран қ., «Балғын»бөбек-жайы» КМҚК,«Мектепке дейінгі жастағы балаларғаерте кәсіптік бағдар беруде макеттік технологияларды қолдану»;
- «Өз халқының мәдени және рухани құндылықтарын насихаттағаны үшін» – Аманжолова А.С., Саран қаласы, «Балғын» бөбек-жайы» КМҚК, «Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері».
ІІ. Жалпы білім беретін мектеп педагогтері арасында:
1 орын - Сурначева С.В. мен Рыбалко Г.М., «№1 мектеп-лицей» КММ, Саран қаласы, «Тарих сабақтарында дарынды балалармен жұмыстағы балдық-рейтингтік жүйе»;
2 орын –Коряка Н.В., Медведева Н.В., «№1 мектеп-лицей» КММ, Саран қаласы, «Жоғары математиканың таңдаулы сұрақтары» қолданбалы курс бағдарламасы жоғары сынып оқушыларын математикалық білімді жалғастыруға дайындау құралы ретінде»;
2 орын - Жабдикова Д.Ж., «Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған балалар үйі» КММ, Қарағанды қаласы, «ЕББҚ бар балаларды әлеуметтендірудегі инновациялар»;
3 орын - Коряка В.В., «№6 ЖББМ» КММ, Саран қаласы, «Жаңартылған бағдарлама мазмұны аясында ағылшын тілі сабақтарында CLIL технологиясын пайдалану».
Номинациялар бойынша дипломдар:
- «Салауатты өмір салтын насихаттағаны үшін» - Миронов М. В., «№6 ЖББМ» КММ, Саран қаласы, «Денсаулығы нашар балаларға арналған жаттығулар кешені»;
- «Психологиялық өзін-өзі тануды қалыптастырғаны үшін»,Федюшова В.Ю., «№6 ЖББМ» КММ, Саран қаласы, «Білім беру жүйесіндегі психологтың жеке жұмыс түрі өзін-өзі психологиялық танудың тиімділігі ретінде»;
- «Орыс тілі мен әдебиетін оқытудағы ерекше тәсілдемесі үшін»- Хамитова А. Х., «№2 ЖББМ» КБК, Саран қаласы, «Парасаттылық және этика» вариативтік курсын іске асыру ерекшеліктері»;
- «Білім беру процесіне IT-технологияларды енгізгені үшін»- Насекина Т. Н., «Жас техниктер станциясы» КММ, Саран қаласы, «Интерактивті технологиялар білім берудің тиімділігі мен сапасын арттыру құралы ретінде».
ІІІ. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында:
1 орын – Абеугалиева А.А., «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК, Саран қ., «Жас математик» еріктілер қозғалысының әлеуметтік жобасы»;
2 орын – Серикова А.Ж., «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ, Балқаш қ., «Живые страницы» қосымшасы арқылы оқырман қызығушылығын дамыту»;
2 орын – Альдикешева З.Н., «Сервис және жаңа технологиялар колледжі» КММ, Орал қ., «Білім беру және әлеуметтік саладағы Инклюзия: гобелен тоқу тәсілдерінің негізгі түрлері»;
3 орын - Кабылова М.Б. мен Макетова А.Р., «Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі» ЖММ, «Жас маманның тәлімгері-зергері» әдістемелік әзірлемесі;
3 орын - Медыева А.Т., «КАЗГЮУ «Мектеп - гимназия – колледжі» ЖШС, «Сыни ойлауды дамытуға арналған әдістемелік құрал»;
3 орын – Недова Н.В., «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК, Саран қ., «Қолданбалы бакалавриат деңгейі, «Бастауыш білім беру» мамандығының студенттеріне арналған «Заманауи орыс тілінің негіздері» пәні бойынша СӨЖ үшін дидактикалық оқу құралы».
Номинациялар бойынша дипломдар:
- «Шет тілін оқытудағы ерекше тәсілі үшін» - Пришельцева Ю.К., «Лебедянск педагогикалық колледжі» ГОБПОУ, Лебедян қаласы, Ресей, «Неміс тілін оқыту процесіндегі Геймификация»;
- «Салауатты өмір салтын насихаттағаны үшін» - Заяц Т.Н., «Минск Мемлекеттік энергетикалық колледжі» БМ, Беларусь, «Салауатты және қауіпсіз орта»;
- «Волонтерлік қызметті насихаттағаны үшін» - Шналиева М. У., «Батыс Қазақстан академиялық колледжі» АТиСО», Орал қаласы «Волонтерлік қызмет және болашақ мамандардың кәсіби әлеуметтенуі: түйісу нүктелері»;
- «Студенттерді WS чемпионатына дайындау кезінде кәсіби дағдыларды дамытқаны үшін»-Комлеева У.В., Павлодар қ., «Б.Ахметов атындағы педагогикалық жоғары колледжі»ШЖҚ КМК, «WS стандарттарын іске асыру»;
- «Инклюзивті оқытуды енгізгені үшін»- Федько И.Б., «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, «Нашар көретін балаларды инклюзивті оқыту»;
- «Бір шаңырақ астында»,Копбаева М,Е, «Ғалым Жарылғапов атындағы аграрлық колледжі» КММ, «Отбасылық тәрбие бойынша жоба».
Жеңімпаздар дипломдармен марапатталады, барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі, сондай-ақ электронды форматта арнайы жинақ шығару жоспарлануда.